Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4308 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 12:36

Шымкентте Street Workout алаңы ашылды

Шымкентте Street Workout алаңы ашылды. Спорт алаңшасының ашылуына Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиада комитеті қолдау көрсетті. Бұл туралы  «Abai.kz» порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында ашылған алаңда ашық аспан астында спортпен жаттығуға болады. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street workout қозғалыс құралдары облыс орталығының бірнеше аумағына орнатылып, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Бұл ойын алаңдары 20-дан астам түрлі снарядтан құралған.

Аталған спорт алаңдарының құрылысы ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен әрі қаржылай қөмегімен. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен салынған. Бұл жоба еліміздің әр өңірінде балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятуды көздейді дейді жауаптылар.

Айта кетейік, Шымкентте жасөспірімдер арасында воркаут қарқынды дамып келеді. Естеріңізде болса үстіміздегі жылы шымкенттік воркаутшы жігіт Street Workout-тан әлем кубогіне жолдама жеңіп алды. Алматы қаласында өткен Оңтүстік Қазақстанның ашық кубогінде 17 жасар Хамит Асылбек күміс жүлдені ұтып алған болатын. Хамит Асылбек Шымкенттегі белгілі «XIII Legion» воркаутшылар командасының мүшесі. Бұл команда үш был бұрын құрылған. Содан бері жігіттер қаладағы аулаларда салауатты өмір салтын қалыптастырып жүр. 2014 жылдың соңында «XIII Legion» командасы Астана қаласында өткен әлем чемпионатында үздік деп танылды.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550