Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2957 0 пікір 14 Тамыз, 2016 сағат 13:35

Шымкенттің полициясы Skype-байланысына шығады

Шымкенттің тұрғындары енді тәртіп сақшыларымен Skype арқылы байланыса алады. Қалалық жергілікті полиция мен қала әкімдігі тұрғындармен Skype-конференция өткізеді. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан мәлімдеді.

Бұл туралы «Abai.kz» порталы «otyrar.kz» сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Əр дүйсенбі сайын қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы мен аудандардағы жауапты басшылары (кестеге сəйкес) бейнеқоңырауларға жауап береді. Бұған қоса азаматтар апта бойы @Shymkent_mps аккаунтына қоңырау соғып, бейне сауалдарды қалдыра алады.

«Учаскелік полиция инспекторлары мен кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың қызметіне қатысты шағым немесе ұсыныстарыңыз болса, Skype арқылы қоңырау шалуы қажет. Бейнеконференция жазып алынады жəне əр шағымға жергілікті полиция қызметкерлері міндетті түрде ден қояды. Аталған қызмет биылғы 5 қыркүйектен басталады» деп жазады Данияр Мейірхан.

Естеріңізде болса, ОҚО жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы мәжіліс өткен еді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» - Ұлт жоспарын орындау аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде жергілікті полиция қызметі құрылған болатын. Жиында негізгі баяндамашы ретінде ОҚО Жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Абылаев болды. Құрылым басшысының айтуынша, ОҚО-да жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру бойынша қажетті шаралардың барлығы жасалған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909