Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 4143 0 пікір 13 Тамыз, 2016 сағат 10:04

Түркістандықтар құрылысшылар күнін атап өтті

Түркістандықтар құрылысшылар күнін атап өтті. Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев өңірдегі құрылысшылардың басын қосып, кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «Abai.kz» порталы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөзі қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мерекелік жиынның ресми бөлігі қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтті. Құттықтау рәсімімен басталған шараға құрылыс ардагерлері де қатысып, басшылық тарапынан көрсетілген құрметке шексіз ризалықтарын жеткізді.

Айта кетерлігі, биыл құрыш қолды құрылысшылардың мерекесінің тойланып келе жатқанына 60 жыл толып отыр. Осыған орай, құрылысшылардың еңбегін – ел экономикасының қозғаушы күшіне балаған шаһар басшысы ардагер құрылысшыларды арнайы марапаттап, саладағы жас мамандарға да алғысхаттар тапсырды.

Айта кетейік, 1955 жылдан бастап КСРО-да тамыздың екінші жексенбісі «Құрылысшылар күні» деп белгіленді. 966 жылдан бері осы мереке жыл сайын аталып өтеді. КСРО тарағаннан кейін осы мерекені Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Армения мен Украина атап өтетін болды.Құрылысшылар жер бетіндегі бейбіт, жасампаз мамандықтың иесі. Елбасымыз «Құрылыс - ел экономикасының локомотиві» деп атап көрсеткен еді. Бұл - құрылысшыларымыздың еңбегіне берілген зор баға. Бүгін Қазақстанның 700 мыңнан астам құрылысшысы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Ел экономикасын дамытуда құрылысшылардың еңбегі ерен. Құрылыс ол – жаңа үйлер, көз сүйсіндірер ғимараттар, өнеркәсіп және әлеуметтік нысандар. Осы орайда айта кетері, елдегі жалпы ішкі өнімнің 7 пайызы құрылыс саласына тиесілі.   Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында салаға бір жарым миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Құрылыс саласының биылғы көрсеткіштері көңілді марқайтады.  Бірінші жарты жылда 4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Яғни ол 37 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады деген сөз.  Бұл өткен жылғы жұмыс ауқымынан 25 пайызға көп. Мемлекет құрылыс саласына 227 миллиард теңге бағыттаған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392