Жексенбі, 24 Қараша 2024
Интернет идеология... 3024 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 12:11

WHATSAPP: ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Ақтөбедегі сот Шалқар қаласының үш тұрғынын алты жарым жылдан сегіз жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Олар телекоммуникациялық желі арқылы терроризмді насихаттау немесе терроризм әрекетін жасауға көпшілікті үгіттеу фактісі бойынша кінәлі деп танылды.

36 жастағы инженер-технолог Мейрамбек Тұрғанбаев алты жарым жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды. Теміржолдың бұрынғы жұмысшысы 38 жастағы Төлебай Мәжитов және жұмыссыз 36 жастағы Ерғожа Аманғожин әлеуметтік және діни араздық туғызды деп айтыпталды. Сот олардың әрқайсысын сегіз жылға соттап, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Сот материалы бойынша, сотталған үшеу WhatsApp мессенджерінде конференция-чат ашып, Қазақстанда тыйым салынған сайттардың материалдарын сілтемелерімен бөліскен көрінеді. Тергеу мәліметіне қарағанда, чатта 12 адам тіркелген болса, солардың үшеуі ерекше белсенділігімен назарға іліккен. Мәжитов «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашқан.

Сотталушылардың адвокаттары Раушан Ізтілеуова мен Бауыржан Ерманов сот үкімімен келіспейтіндерін, үкімге қарсы шағым жасайтындарын  айтты. Қорғаушылардың пікіріне сүйенсек, судья сотталушыларға тым ұзақ жаза шығарып отыр. Ақтөбеде 5 маусымда болған шабуылды қазақ билігі "теракт" деп атаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570