Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Әне, көрдің бе? 5687 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 11:46

ЕРАЛИЕВ ЕРЛЕДІ. ҚАЙРАТ ТА "ОРЫСША" СҰХБАТ БЕРМЕЙ ҚОЙДЫ

Қандасымыз Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін сәтті аяқтады.

56 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қайраттың алғашқы қарсыласы әзірбайжандық Джавид Чалабиев болған.

Кездесудің әуелгі екі раундында айқын басымдықты иемденген қандасымыз үшінші раундта қарсыласына есе жіберді. Осылайша кездесу төрешілердің шешімімен  2:1 болып аяқталып, біздің боксшымыз келесі кезеңге өтті.

Қайраттың келесі қарсыласы өзбекстандық Муроджан Ахмедалиев. Кездесу 15-тамыз күні Астана уақытымен 03:15-те көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, алғашқы кездесуін сәтті аяқтаған Қайрат журналистерге сұхбат беріп, кездесудің қалай өткенін баяндап берген.

Естеріңізде болса күні кеше ғана Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған ауыр атлет Жазира Жапарқұл «әй, орысша айтпаймын!» - деп мемлекеттік тілдің де мәртебесін көтеріп тастаған еді.

Жазираның жолын бүгін Қайрат жалғастырды. БАҚ-қа сұхбат берген боксшыға тілі қотыр тілші «орысша айтасыз ба?» деп өтінген. Ал боксшымыз болса қолын бір-ақ сілтеп кеткен.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155