Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4063 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 11:06

ЖАҢҚОШ ТҰРАРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров жартылай орта салмақта Солтүстік Америка (NBA) уақытша чемпиондық белбеуін жеңіп алды, — деп хабарлайды Massaget.kz. Кездесу Нью-Йорк қаласында өтті.

Отандасымыз бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша Жаңқош Тұраров спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласынан қауқарлы екенін таныта білді.

Айта кетейік, 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ,  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт — 63,5 кг) чемпионы болатын.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578