Түркістанда «Сен қоғамға керексің» атты басқосу болып өтті
Түркістанда «Сен қоғамға керексің» акциясы өтті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркістан қалалық мәдениет үйінде қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен “Сен қоғамға керексің” атты тақырыпта басқосу болып өтті.
Аталмыш жиынға өңірдегі тиісті сала басшылары, жеке кәсіпкерлер және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қатысты. Мәжілісті қала прокурорының орынбасары Ш.Ертаев мырза ашып әм жүргізіп отырды.
Жиналыста қалалық ішкі істер басқармасы пробация қызметінің бастығы М.Усманов мырза хабарлама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше, 2016 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 78 тұлға пробация қызметіне есебіне қойылған. Сонымен қатар, қазірдің өзінде жалпы пробациялық бақылау белгіленген 167 азамат есепте тұр. Осы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларға қатысты әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек көрсету, оларды жұмысқа орналастыру бағытында атқарылған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев пробация қызметіне есебіне қойылған азаматтарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан келелі жұмыстарды атап өтті.
Дереккөзі: Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Abai.kz