Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әкім мен халық 6501 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 15:18

КӨШЕРБАЕВ КӨШ БАСТАП ТҰР

Орталық биліктің бар күш-қуаты аймақтарда. Ал, аймақтарды басқарып отырған әкімдердің сауатты әрі оң жұмыстары елдің жалпы дамуына үлес. Қай облыс әкімінің қандай жұмыс атқарып, ол қалай қабылданып, бағаланып, нендей нәтиже беріп жатқанын «Саясат-Monitoring» аймақ басшылары арасында  жасаған рейтингінде көрсетіпті. Рейтингті sayasat.kz жариялапты. Көш басында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұр.

Шілде айындағы облыс әкімдері рейтингін түзуге қатысқан саясаттанушылар, журналисттер, блогерлер, политтехнологтар Көшербаевтың көш бастауы аймақтағы жер мәселесіне қатысты болды депті. Ол не десеңіз, Қырымбек Елеуұлы жер мәселесі саяси реңк алып, қоғам мен билікті алаңдатып отырған шақта, шілде айында инженерлік инфрақұрылымы толық жүргізілген, аумағы 980 гектарды құрайтын жаңа «Бәйтерек» ауданын ашып, жеке тұрғын үй салу үшін 6600 азаматқа жер телімін берді. Рейтингке қатысқандар Көшербаевтың осы әрекеті биліктің жер мәселесіне қатысты қоғаммен арадағы жағдайына оң нәтиже берді деп бағалапты. Қызылорда әкімі әлеуметтік-экономикалық мәселеде жаңа аудан ашып, жер телімдерін ғана берумен шектелмей, Қызылорда қаласы Титов ықшам ауданында 60 жас отбасына жаңа пәтердің кілтін тапсырып, жағдайы төмен 200 отбасыға кәсіпкерлердің демеушілігімен азық-түлік таратып, 60 пәтерлік жаңа үйдің іргетасын қалады. Міне, не десеңізде қарапайым халыққа ең керекті дүниелерді іске асырған Көшербаевтың рейтингтегі бірінші орыны  дұрыс бағаланғанына иланасыз.

Рейтингте екінші орынды Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек илененіпті. Сарапшылар Байбектің екінші орын алуын оның Президентке жақындығымен түсіндіріпті. Алматыға әкім болып тағайындалғаннан бері Байбектің әр жұмысы Президенттің назарында екенін айтқан сарапшылар Алматыдағы теракт кезінде де Ақтөбе бармаған ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың Алматыға келуін де Байбектің орталық биліктің алдындағы салмағы деп бағалайды екен. Өзін Президент алдында жақсы шәкірт ретінде көрсетіп жүрген Байбекті рейтинг түзушілер екінші орынға лайық деп тауыпты.

Үшінші орында Астана әкімі Әсет Исекешев. Исекешевтің Астана қаласы әкімі болып тағайындалғанына көп уақыт  өткен жоқ. Алайда, базарға барып, азы-түлік бағасын көріп, әуежайда бой көрсеткен Астана әкімі осы белсенділігімен көзге түсіп, үздік үштікке кіріпті. Сарапшылар «болашағынан үміт күттіретін әкім» деп бағалап, алдағы уақытта да Исекешев үздіктер қатарынан көрінеді деп болжапты.

Міне, шілде айындағы әкімдер рейтингі осындай.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583