Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3189 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 12:40

Созақта тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына орай имамдар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Созақта тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына орай имамдар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Спорт денсаулық кепілі дегенді нық ұстанған Оңтүстік қазақстандықтардың көпке үлгі боларлық бастамалары туралы осыған дейін де жазып келгенбіз. Осы үрдісті Созақ имамдары да жалғастырыпты. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Созақ ауданында мешіт имамдары, имандылық жолымен қатар спортты да жандарына серік еткен.

Қазақстан Республиасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, ауыл окруктеріндегі мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа Жуантөбе, Қаратау, Шолаққорған ауыл окруктерімен қатар, Таукент кенті мен Жыныс ата елді мекенінен де командалар қатысты.

Мешіт қызметкерлері арасындағы аяқдопта ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысып, ала доптың көрігін қыздырды. 

Тартысты өткен жарыста бас жүлдені Таукент кентінің футболшылары алса, екінші орынды Шолаққорғанның орталық мешітінің қызметкерлері, үшінші орынды Шолаққорған -2 командасы иеленді. 

Жүлдегер командалармен үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы марапаттар тапсырылды.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4153