Жексенбі, 24 Қараша 2024
Не көріп жүрсіз? 4117 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 12:31

Отырарлықтар өнім алуды ғылыммен ұштастыруда

Отырар ауданында топырақтың құнарлылығын арттыру, өнімділікті еселеу және тұзданған топырақты мүмкіндігінше сауықтыру арқылы қайта айналымға қосу жұмыстары мықтап қолға алынуда. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Таяуда аталған егіс алқабында аудандағы егін саласындағы өзекті мәселелерді шешу, жер құнарын арттыру, топырақтың тұздылығын төмендету мақсатында облыстық далалық семинар өтті. Семинарға аудан әкімі Е.Айтаханов, ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының өкілдерінен өзге облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков, Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының директоры А.Сапаров және институт ғалымдары А.Отаров, Г.Аташева, М.Пошановтар қатысты.

Сондай-ақ, семинарға арнайы Жапониядан Киото университетінің профессоры Фунакава Шинья, аталған университеттің бір топ магистранттары келіп, келелі пікірлері мен ғылыми тұжырымдамаларын ортаға салды.

Басқосуда аудан әкімі Е.Айтаханов бүгінгі егін егу технологиясын ғылымның жетістіктерімен ұштастыру керек екендігін баса айтты. Сонымен бірге, аудандағы 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесі мен 55 шақырымдық «Шәуілдір» бас коллекторы толық жөндеуден өткенде егіс алқабы көбейіп, Отырар жүгерісі бұрынғы даңқына қайта ие болатынына сенім білдірді.

Семинар соңында шаруалар мен семинар қонақтары аттылы кісі көрінбейтін жүгері алқаптарын аралап, собықтарын саралап көрді. Көрген адамның көзі тоятын жүгері алқабының осылай жайқалуы ғылымның жетістігі екендігі айдан анық. Ғылым мен шаруалардың тәжірибесін ұштастыра білген кезде өнімнің мол болатынына семинарға қатысушылардың бәрінің көзі жетті.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566