Мақтаралдың көркі арта түспек
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданында атқарылып жатқан игі шаралар аз еместігі белгілі-ақ. Ажары айдай ауданның көркі арта түспек. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан депутат Жамантай Бейсенбаев қала көркін арттыру үшін бірнеше нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтқа. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жері жазық, жазиралы ерекше табиғатқа ие, Қазақстанда халқы ең тығыз орналасқан аудандардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Мақтарал ауданы екені әмісеге аян. Ақ алтынымен мақтаның аралы атанған өлке бүгінде қауын-қарбызымен де бүкіл әлемге танылуда. Оған дәлел, ауданымыз бүкіл қазақ даласын қамтамасыз етумен қатар, соңғы 2 айда 200 000 тонна қауын-қарбызды Ресей мен Еуропаға экспорттап үлгерді.
Тоқтаусыз дамып жатқан өлкеге Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Нұралы Әбішев келген болатын. Ауданның даму қарқынын өз көзімен көрген депутат аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевпен кездесіп, бірнеше мәселелерді талқылап үлгерді. Соның ішінде Мақтарал ауданына кіреберіс қақпаның құрылысы жайлы сөз болды.
Жобаның сызбаларын талқылау барысында депутат өз ұсыныстары мен ойларын айтып, құрылыс жұмыстарының тез арада басталуына қолдау білдіретінін атап өтті.
Abai.kz