Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2891 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 13:26

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар толықтай қол арбамен қамтылды

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Бұл туралы «Abai.kz» порталы «ОңтүстікҚазақстан облысы» әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мәселен, биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы шеңберінде өңіріміздегі мүгедектер 100 пайыз қол арбамен қамтылды. 

Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-і таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қол арбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлме ішілік және серуендік екі қол арбадан берілді. 

Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер болып табылады. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543