Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 5531 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 11:57

ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІ ҚЫТАЙЛАРДЫҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРІП ЖҮР МЕ?

Қытайда оқып жүрген қазақтың қыз-жігіттері оқудан тыс уақытта бай қытайлардың көңілін көтеріп, ақша табады екен. Бұл туралы студент Нұржан Барлыбаев newtimes.kz сайтына айтып берген.  Нұржан үш жылдан бері Қытайдың Сиань қаласында оқып жүрген студент. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстаннан барған кейбір студенттер ақша табу үшін оқудан тыс уақытта бай қытайлардың көңілін көтереді.

«Негізінен қытай еркектері қыздармен бірге ішіп-жеп, көңіл көтереді. Егер қазақ қызы қытайша білсе, онда ол бағаланады. Ондай қыздар қымбат тұрады. Көңіл көтеру кеші аяқатлған соң, клиент қосымша ақыға қызды алып кете алады», депті Барлыбаев.

Мұндай іспен жігіттер де айналысып, бай қытай әйелдерінің көңілін аулайды дейді Нұржан. Ал, қыздарды жұмысқа алар кезде олардың жасына емес, сыртқы сұлулығына мән береді. Сұлу қыздар бір кеште 70-100 мың теңге ақша табады.

Нұржан Барлыбаев өз жерлестерінің мұндай қылықтарына ұялатынын, олар қытайдың байларының көңілін көтеру үшін емес, оқу үшін барғанын сондықтан, шетелде елдің атына кір келтірмей, дұрыс жүріп-тұрып, оқуды ғана мақсат етуге шақырады.

Қытайда оқып жүрген студенттердің мұндай өрескел қылықтары туралы осыдан екі жыл бұрын да жазылған еді. Ол кезде Жұлдыз есімді қытай туған қазақ қызы Қазақстанға бейтаныс құрбысына бағыттап хат жазып, онда Қазақстаннан  оқуға барған қыздардың жүріс-тұрысы жайлы жазған болатын. Хат «Қазақ үні» сайтында жарияланған еді.

P.S.

Қазірге уақытта Қытайға әртүрлі бағдарламалар арқылы түрлі мерзімде оқып жүрген ел азаматтары баршылық. Алайда, олардың барлығы Нұржан айтқандай іспен айналыспайтыны анық. Бұл жағдай бір қаладағы кейбір студенттердің  істеп жүргені болса керек.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515