Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3022 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 11:17

Шақпақ ауылдық клубында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аудан бойынша 11 ауылдық округтердің 8-де типтік үлгідегі мәдениет нысандары бар. Ағыбет, Алмалы, Борлысай ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының жаңа құрылысын салуды қажет етсе, типтік мәдениет нысандарының  2-і күрделі жөндеуді қажет етеді. 

Ағымдағы жылы мәдениет нысандарының жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Шақпақ ауылдық клубына, Нұра ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйелеріне қаржы қаралып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудандық мәдение үйін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ЖСҚ-ы әзірленді.

Бекітілген кестеге сәйкес, аудан әкімі Б.Көшербай тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Жыланды ауылынан  келген  жалғызілікті ана Шайдозова Мейрамкүл тұрғын үй тұрғызуға  материалдық көмек сураса, Жиенқұм ауылының тұрғыны  Пердебаева Күлбала емдеу орындарына  жолдама ала алмай жүргенін айтты. Шаян ауылының тұрғыны Жүнісбекова  бір жолғы жәрдем алуға көмек сұрады. Осы тұрғыда өз өтініштерімен келген бірнеше азамат мәселелерінің шешілуіне ықпал етуін сұранды.

Аудан басшысы  көтерілген мәселелерге орай орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына Заң аясында шешуге тапсырма беріп, орындалуы жөнінде баяндауды ескертті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1250
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2774
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 898
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 845