Кентау: ретсіз сауда ретке келтірілуде
Облыс әкімі Б.Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласындағы сауда орталықтар «Береке», «БайСалКерім», «Нұрлығайын» базарларындағы ретсіз саудаларға рейдтік жұмыс жүргізілді. Рейдтік шараға қалалық ішкі істер бөлімі және қала әкімшілігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардан құрылған комиссия мүшелері қатысып, біршама заң бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде белгіленбеген орындарда сауда саттық жасап отырған 30 азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 бабына сәйкес, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығы жөнінде үндеу парағы таратылды. Ретсіз саудаларды ретке келтіру жұмысы алдағы уақыттада жалғасын таппақ.
Татулық пен келісім – қоғам тұрақтылығы
Қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы Ащысай ауылында өтті. Онда кеңес төрағасы Исахан Жұмабаев пен кеңес мүшесі Нұрмұхамат Жақай және ауыл ақсақалдары мен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері екі көрші арасындағы туындаған мәселенің шешу жолдарын қарастырды.
Құрылыс жүргізіп, жолды жауып тастады деген ауыл тұрғынының арызын жан жақты талқылаған көпшілік олардың тұратын үйлеріне де барып, мәселенің мән жайымен танысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері көршілерді сабырға шақырды. Жолдың екінші бетінде үлкен жолдың бар екендігін, қыр асты ашық болғанымен адам жүрмейтінін айтып түсіндірді. Мәселені оңтайлы шешіп берді.
Abai.kz