Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3992 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 16:06

Медиация күніне орай ашық есік күні өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Медиация күні» республикалық акциясы аясында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күніне сот қызметкерлері, отставкадағы судьялар, медиация орталықтарының басшылары, мемлекеттік мекем қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары қатысты. 

Шараның басты мақсаты өңірімізде медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтының шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету, тұрғындарға облыстағы медиация орталықтарының және Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің жұмыстарын хабардар ету.

Акция аясында судьялар мен кәсіби медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

Бүгінгі таңда, облыс әкімдігі жанынан және облыстың барлық аудандық, қалалалық, ауылдық әкімдіктерінің жанынан барлығы 106 медиация кабинеті ашылған. 

Аудандық және оған теңестірілген соттармен жасақталған статистикалық мәліметтерге сәйкес, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 770 азаматтық істе татуластыру рәсімдері қолданылған.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435