Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3077 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 16:03

ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Осы аптада Оңтүстік Қазақстан өңірінде, бірқатар компаниялар бойынша ауыс-түйістер болды. 

Аптаның соңына қарай Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов тағайындалғаны хабарланды.

Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен, конкурстық іріктеу негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов тағайындалды.

Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов 1975 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы мал шикізатын тауарлаушы инженер, қаржы және кредит, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қырғызмұнайзат» МАҚ-ның Токмак мұнай базасының экономист-менеджері ретінде бастаған.

1999-2009 жылдары жекеменшік секторда жауапты және басшы лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының кәсіпкерлік, экономика және қаржы бөлімдерінің бастығы болып еңбек еткен.

2012 жылғы мамыр айынан Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439