Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3036 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 15:53

ОҚО әкімі комитет төрағасымен өңірдегі жолдардың жағдайын талқылады

Өңір басшысы Б.Атамқұлов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы М.Пішембаевпен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Басқосуда ведомства жетекшісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен «Жібек жолы» шекара өткелі, Шақпақ ата тоннелінің құрылыс учаскелеріндегі жұмыстардың барысын баяндап, Төрткүл, Шәуілдір, Арыстанбаб және Абай ауылы (Сарыағаш ауданы) учаскелеріндегі жөндеу жұмыстары жайлы айтты. 

2017 жылдың екінші тоқсанында Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының шекарасындағы тоннель мен «Жібек жолы» шекара өткелі бойындағы автомагистраль жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда. 

Өз кезегінде, облыс әкімі Мақтарал ауданының дамуы үшін маңызды жол болып табылатын Сарыағаш – Қызыл әскер (72 шқ) тас жолының құрылысы туралы айтып, оған алдағы 2 жыл көлемінде басымдық берілетінін жеткізді. 

Аймақ басшысының басты назарындағы кезекті жоба Шымкент қаласының орамды айналма жолы болып табылады. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің зиярат ету туризмін дамытуға үлкен үлесі бар Арыстанбаб – Түркістан учаскесін күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті. 

Сондай-ақ, әңгіме барысында заманауи жол бойындағы қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері қозғалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113