Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3426 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 11:25

Аудан әкімі Б.Көшербайдың төрағалығымен кеңейтілген әкімдік мәжілісі өтті

Аудан әкімі Б.Көшербайдың төрағалығымен кеңейтілген әкімдік мәжілісі өтті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аудан әкімінің қатысуымен өткен мәжілістің күн тәртібінде ауданды ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету барысы туралы, аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу, сигментацияланған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары,  жер қойнауын пайдалану саласын реттеу жұмыстарының барысы туралы,  жалпы білім беретін мектептердің 2015-2016 оқу жылы бойынша білім сапасының қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі ауданның 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы тиісті бөлім басшылары баяндама жасады.

Аталған ресурстың жазуынша, талқылауға ұсынылған мәселелер бойынша қорытынды сөз сөйлеген Бәйдібек ауданы басшысы Б.Көшербай орындалған жұмыстармен қатар, көптеген кемшіліктерге жол беріліп отырғандығына тиісті сала басшылырының назарын аудартып, әрбір белгіленген міндеттерді мерзімінде іске асыру жөнінде қатаң талаптар қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1225
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2753
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 833