НАРЫМБАЕВ УКРАИНАҒА КӨҢІЛДЕСІМЕН КЕТТІ МЕ?
Сөз бостандығы үшін күресіп жүрген азаматтық қоғам белсендісі Ермек Нарымбаев жақында Қазақстанды тастап қашып, Украинаға қоныс аударған-тын. Нарымбаевтың өзі мұны – Қазақстандағы режим қысымына шадамағандығымен түсіндірген.
Жақында «365info.kz» порталы Нарымбаевтың төленбеген несиесіне бола, әйелі мен балаларын тастап кеткенін жазады.
Рас, бізге белгілі белсенді Нарымбаев Қазақстанда жүрген кезде сөз бостандығы мен адам құқығын қорғау жолында құзырлы органдармен талай рет текетіресіп, сол үшін әкімшілік жазаға да тартылған.
Әсіресе «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында жазбасы үшін оның үстінен іс қозғалғаны тағы бар. Сарапшылардың жазуынша, сол бір жазбасы үшін Нарымбаев темір торға тоғытылуы да бек мүмкін еді.
«365info.kz» порталының жазуынша, Нарымбаев Украинаға кеткеннен көп ұзамай-ақ, Қазақстанда оның әйелі, үш баласы қалғандығын және төленбеген несиесі барын жазады. Бір қызығы белсенді Нарымбаев Украинаға режиммен күрес жолындағы жас әріптесі – 28 жастағы Мөлдір Әділованы ертіп кеткен көрінеді. Мөлдір Әділова – Алматыдағы жер дауына қатысты митингте қамалып, 15 тәулік абақтыда отырып шыққан.
Хош, бұл Ермек пен Мөлдірдің өз шаруасы болса керек.
«Мен әйелім мен бала-шағамды тастап, жас қызбен кете алмайтын едім. Оның үстіне төленбеген несиемді оларға міндеттеп кетуім мүмкін емес дүние. Міне енді Мұхтар Тайжан да менің төсегімді тексере бастапты. Менің ажырасып кеткеніме 1,5 жылдан асса да, менің кіммен жатып, кіммен тұруымды, кіммен ажырасып, кіммен отасуымды талқылап, менің шұғыл көшіп кетуіме қатысты өзінше мотив құрастырып жатыр екен. Оппозиция лагерінде не болып жатыр өзі?! Өзі де соны түсінбей, өзінің әкесіне, құрметті Болатхан Тайжан мырзаға және оның екінші әйеліне, жесіріне, өзінің екінші шешесіне сөз тигізіп отыр. Мен не бәрі үшін жауап беруім керек пе?!», - депті Ермек Нарымбаев.
(Ермек пен Мөлдір. Сурет "Азаттық" сайтынан алынды)
«Теперь вот и Мухтар Тайжан стал копаться в чужом грязном белье, теперь залезая уже в мою постель (после развода 1,5 года назад), с кем я могу и не могу спать, жить, разводиться, жениться, делает свои грязные измышления относительно мотивов и целей моей экстренной эвакуации. Что за х*** вообще творится в этом лагере «оппозиции»? Опустился ниже плинтуса. Сам того не понимая, он оскорбляет своего отца, уважаемого Болатхана Тайжана и его 2-ю жену, вдову, свою 2-ю маму. Мне что по всякой х***е оправдываться?»
Ал Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі, саясаткер Мұхтар Тайжан Нарымбаевтың Украинаға қоныс аударуына қатысты: «Нарымбаев мәжбүрлі түрде өзінің төленбеген несиесі барын мойындап отыр. Енді Оның несиесі оның әйелі мен бала-шағасының мойнында қалды және сол үшін Нарымбаевтың үш баласы мен әйелі жалғыз пәтерінен айырылып қалуы да мүмкін. Несиесін төлеуге Нарымбаевтың жағдайы жоқ. Жас көңілдесін ертіп, Қазақстаннан қашып кетуіне де осы фактор себеп болса керек», -депті.
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz