Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4073 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 10:13

Ресейлік әскерилердің денелерін тұтқындағы азаматтарымен алмастыруды ұсынады

Сириялық содырлардың тобы 4 тамызда ресейлік Ми-8 тікұшақтан құлаған бес әскери қызметкердің денесі өздерінде жатқанын мәлімдеді. Олар денені кепілдікте отырған адамдарымен алмастыруды ұсынады.

Ресейлік әскери тікұшақ 1 тамызда Идлиб провинциясында оппозиция бақылайтын аймақта атып түсірілген. Кемедегі бес ұшқыш қайтыс болды. Бұл Ресейдің Сирияға 2015 жылдың қыркүйегінде әскери операция бастағаннан бергі ресми түрде жариялаған үлкен шығындары болды.

Алмастыру жөнінде талап қойып отырған Тұтқындар жөніндегі бас қор. Олар Башар Асал үкіметі мен Ливандағы "Хезболлах" шиит тобының кепілдікке ұстап отырған азаматтарын босатуды талап етеді. Бірақ тұтқындағылардың аты-жөндерін ашып айтпады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1236
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2762
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 891
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837