Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Не дейді?! 4596 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 10:10

ГҮЛЕНГЕ ҚАТЫСТЫ ҰЙЫМНЫҢ БӘРІ - "ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰЯСЫ"

Түркия билігі АҚШ-та тұратын оппозициялық діни уағыздаушы Фетхуллах Гүленді қамауға ордер берді. Стамбул соты ол 15 шілдеде төңкеріс жасауға бұйрық берді деген қаулы шығарды.

Гүлен Түркияда билікті ығыстыруға қандай да бір қатысы барын жоққа шығарады. Ол Түркияда өзі басқаратын ұйымның тек ғана қайырымдылық шараларымен айналысатынан айтады.

Анкара Гүленді қайтаруды талап етеді. Бірақ АҚШ билігіне әлі ресми сұрау салған жоқ.

Бейсенбі күні Түркия президенті Режеп Эрдоған оппозиционермен байланысы бар барлық жекеменшік компаниялар табыстарынан айырылатынын мәлімдеді. Эрдоған Гүленге қатысы бар барлық ұйымдарды «терроризмнің ұясы» деп атады.

Түркияда мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деп он мыңнан аса адамды қамауға алды. 70 мыңнан жоғары мемлекеттік қызметкер, полиция және әскери қызметкерлер жұмыстарынан қуылды. Елде төтенше жағдай орын алған. Адам құқықтары жөніндегі Конвенцияның күші уақытша жойылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114