Сенбі, 23 Қараша 2024
Не көріп жүрсіз? 5722 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 16:54

"ЕУРАЗИЯ" АРНАСЫ РЕСЕЙЛІК БЛОГЕРДІҢ ӘЖАУСЫНА АЙНАЛДЫ

Ресейлік танымал блогер Дмитрий Иванов сәуірдегі толқулар туралы ресейлік "Еуразия" арнасының сенсациялық сюжетін әжуалаған бейне жазба жариялады.

Әлеуметтік желіде "Kamikadzedead" деген атпен танымал блогер Қазақстандағы арнаның "жаптым жала, жақтым күйе" сюжетіне қатысты талдау жасапты. Бейне жазбада автор "Адамдардың миларын улауда кімдердің тәсілі күшті? Ресейдің бе, әлде Қазақстанның ба?",-деп сұрайды.

Естеріңізде болса, ресейлік "Еуразия" арнасы сәуірде Атырау қаласында болған бейбіт митингтен кейін әлдебір "бесінші колонна басшылары алаңға шыққан азаматтарға 100 АҚШ долларынан үлестірді" деп айыптаған-тын. 

Ресейлік арнаның айыптауынан кейін қазақстандықтар арасында "Еуразия" арнасы мен оның жүргізушілері А.Шаукентаева мен Р.Смықовқа қарсы наразылық артқан. Тіпті белсенділер "Еуразия" арнасы мен оның жүргізушілерін сотқа берген еді.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415