Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 16:38

Шаһар басшысы қазақ өнерінің майталманы Ш.Әбілтаевты қабылдады

Бүгін қала әкімі Сейіт Мырзақұлұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы, композитор, күйші Әбілтаев Шәмілді қабылдады.

Ш.Әбілтаев Атырау облысының тумасы, төрт жасынан бастап домбыраны меңгеріп, Алматы қаласындағы мемлекеттік консерваторияны тәмамдап, қазақ өнерінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Күй құдіреті Құрманғазы, Дина мен Абылдың күйлерін шебер орындаушы, «Ұлытау» атты күй-кітабы мен «Ордабасы» атты күйтабағының және  Домалақ ана", "Шақшақ Жәнібек", "Бекет-Ата", "Қыдыр кезген Қызылқұм", "Елбасы" күйлерінің, "Қожа Ахмет Иасауи", "Жер ұраны - Ұлытау", "Ордабасы", "Құрманғазы - күй дүлдүлі", "Мұстафа Шоқай туралы толғау", "Түркістан" музыкалық-толғауларының авторы.

Қала әкімінің қабылдауынан соң, ел аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып жүрген Ш.Әбілтаев қаланың сәулетті орындарында болып, арыстықтарды қаланың 60 жылдық мерекесімен құттықтады.   

Ажары артқан – Арыс


Қаламыздың көркі мен ажары артып, қолданысқа берілген нысандар күн сайын артып, ел игілігіне қызмет етуде.

Осындай игі істердің бірі орталық Әл-Фараби және Әбдіразақов көшелеріндегі орташа жөндеу, аяқжолдар төсеу және жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Сонымен қатар аталған көшелердің маңындағы сквер мен абаттандыру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Қала әкімі С.Ертай жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен көшелердің орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы болуына мәне беріп, нысандарды аралау барысында сала қызметкерлеріне тапсырмалар берді.

Қаланың 60 жылдық мерекесіне дайындық жұмыстары қызу жүруде

Бүгін Арыс қаласының әкімі Сейіт Мырзақұлұлы қаламыздың 60 жылдық мерекесін жоғары дәрежеде атап өту мақсатында бөлім мен мекеме қызметкерлерімен жиын өткізді.

Жиын барысында мерейтой қарсаңында атқарылатын жұмыстарды пысықтай отырып, құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Нысандардың сапалы, әрі мерзімінде берілуін қадағалап, тиісті қызметкерлерге қосымша тапсырмалар берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411