Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4095 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 11:48

МҰҒАЛІМДЕР ОРЫС ГАЗЕТТЕРІН НЕ ІСТЕЙДІ?

- Бұдан былай бізді газет-журналға күштеп жаздырмайтын болыпты.

Бұл мен әлдебір шаруамен келіп шәй ішіп отырған үйдің хозяйкасы. Жасы шамамен 35-тердегі көзілдірікті арық қара келіншек, мектепте мұғалім екен. 

- Рас па, оны қайдан білдіңіз?

- Ватсаппен келді.

- Ә-ә. Жалпы әр мұғалім мұнша сомаға жазылсын деген талап бар ма?

- Жоқ, ондай жоқ. Бірлестік деген болады, соның жетекшісі 30-40 мыңның газетіне жазылады да мұғалімдерге бөле салады. Ауылдың мұғалімдерін 9-10 мың теңгеге жазғызады ғой. Бізге 2-3 мың ғана шығады. Өйткені біз 6 айға ғана жазыламыз.

- Қандай газеттер мысалы?

- Ой "Караванға" дейін жазыламыз!

- Қойыңызшы... 

- Өтірік айтып отыр дейсіз бе? Оншақты "Караван" аламыз. Орысша газеттерден "Литер" деген де бар, бірақ жазылғанымыз болмаса оны өз басым көрген емеспіз (орыс мектептерін "Айқынға" жаздыра ма екен деп ойлап отырмын іштей). 

- Мынау қайсысы? Орысша екен, "Литер" осы емес пе?

Келіншек асүйдің терезесіне ұстап қойған газетке біраз қарап көзі жетпеген соң жанына барды.

Сосын:

- Жоқ, бұл "Казправда", - деді. 

- Ммм.

Тарелкадағы қияр мен помидордың салатын тауысуға айналғанымды көрді де, тағы да жуып әкеп турай бастады. Әңгімесін айтып жатыр.

- 12 жылдықты енгізгеннен болу керек, биыл сағат азайды, бірақ жазатын қағазымыз көбейді. Журналист екенсіз, осы туралы жазсаңыздаршы.

- Журналист болғанда мен негізі журналист те емеспін. Фейсбукке жазбасам.., - мыңқылдай бастап едім ол сөзін жалғастыра берді.

- Мұғалімнің статусы деген жоқ. Қит етсе, бізді крайний қылып шығарады. Дене сабағында ойнап жүрген қыз жығылып колготкиін жыртып алса да ата-анасы оны бізге төлетіп алады. Қайтесің енді, мұғалім баланы ұрды-соқты деген видеолармен әбден қорқытып тастаса. 

Басымды шайқап қойып тыңдаудамын, айтып отырғандарының рас екеніне күмәнім де жоқ. Ата-анадан ақша жинау туралы сұрауға ыңғайсыздана бастап едім, оны өзі айтып кетті.

- Бір жақсысы, ақша жинауды қойдық әйтеуір. Қазір жыл соңында бірдеңе беріп жатса аламыз, бермесе ренжімейміз.

- Ол Алматыға жаңа әкім келгелі болған жақсылық па, қалай?

- Жоқ, одан емес болу керек. Біздің директор өзі крышасы да жоқ, қорқақтау адам. Бірақ ата-анадан жинамағанмен, бізден жинайды.

- Неге?

- Тексерулер келеді, көбіне СЭС-тен келеді. Анауың дұрыс емес, мынауың дұрыс істемейді, штраф саламыз дейді. Соны салғызбау үшін жинап береміз. Оқушылардың басынан сірке шықса да жинаймыз.

Осы кезде күйеуі сөзге араласты.

- Анау әлгі телеканалды айтсайшы.

Бірақ келіншек ол жайлы үндей қоймады. 

- Не жағдай ол?

- Бірде мектептің үстіндегі ту кірлеп қалыпты. Соны қалай біліп қойғанын, бір телеканалдың журналистері жетіп келіп түсіріп алыпты. Соларды әке-көкелеп қалталарына бір қалың конверт салып беріп әрең құтылғанбыз. Жағамды ұстадым, басқа-басқа журналистерден ондай шығады деп тегі ойламаппын". 

Өз обалың өзіңе. Журналист едім деп нең бар еді? Сыбағаңды алып болсаң жөніңді таба ғой енді.

Ержан Әбдіраман

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415