Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3146 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 11:37

Аудан әкімі Б.Көшербай аудан әкімдігінің ғимаратында мыңбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді

Қабылдау барысында «Отан» ауылын құру туралы құжаттарды рәсімдеу Республика деңгейінде шешім табылмағандығына қарамастан өз бетінше тиісті құжаттарын рәсімдемей тұрғын үй мен қосалқы шаруашылықтарының құрылыстарын жүргізген. Яғни, салынған нысан егелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізген жерлерге ауылдық округі әкімі тарапынан жер телімін пайдалануға беру туралы шешімі шығарылмаған және мемлекеттік құқық беретін акті алынбай, Қазақстан Республикасының құрылыс   нормалары мен ережелерінің талаптары сақталмаған және атап өтетін мәселе осы жерде орналасқан азаматтардың барлығының ата-қонысы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендері және сырттан келген азаматтар жоқ.

Елді мекенді жаңадан ашу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің санатын ауыстыру және елді мекеннің инфрақұрылымын әзірлеп, әлеуметтік нысандарды салу үшін қосымша қаржы көздері қажет. Ал, қазіргі таңда аталған округ бойынша 5 елді мекен бар. Осы елді мекеннің барлығында мектеп, медициналық тіректер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары орналасқан. Халық санының аздығына байланысты мектептерде оқушылар толық қамтылмаған. Жалпы алғанда Мыңбұлақ ауылдық округі аумағынан жаңа елді мекенді ашу қажеттілігі туындап отырған жоқ. 

Аталған азаматтарға сәуір айындағы кездесуде Мыңбұлақ ауылдық округінің кез-келген елді мекенінен тұрғын үй салу үшін қажетті жер телімін беруге дайын екендігі айтылып, олар жиын – терімнен кейін көшуге рұқсат беруін өтініш ретінде айтқан болатын. Осы өтініштері қанағаттандырылып, күзгі жиын-терім біткенше уақыт берілген. 

Бұл мәселе алдағы уақытта аудан әкімдігінің бақылауында болып, биылғы жылдың қыркүйек айында аталған азаматтарға толығымен Мыңбұлақ ауылдық округі елді мекендерінен жер телімдері берілетін болып келісті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610