Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3662 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 12:10

Денсаулық пойызы Оңтүстіктің шалғай ауылдарын аралап жүр

Денсаулық  пойызы  Оңтүстіктің  шалғай  ауылдарын  аралап  жүр. Бұл  туралы  «Abai.kz»  порталы  «otyrar.kz» сайтына сілтеме жасай  отырып  хабарлайды.

«Денсаулық» пойызы Оңтүстіктің шалғай ауылдарында медициналық қызмет көрсетуде. 21 шілдеден басталған бұл акция бүгін Ленгір қаласындағы Тоғыс станцасында жалғасты. Таңғы сағат 9-дан жұмысын бастаған дәрігерлерге кезек күткен халықтың қатары қалың. Басым бөлігі кардиолог, офтольмолог сынды мамандардың қабылдауында болды.

Бір тәуліктің ішінде денсаулық пойызы 200 адамға дейін қабылдауда. Айта өтейік, теміржол бойындағы медицина қызметі ертең Түлкібас ауданындағы Састөбе станциаясына жол тартады. Яғни, 2 және 4 тамыз аралығында жергілікті тұрғындарға таңғы сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін ақысыз әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Жанар Шағырбаева, «Денсаулық» пойызының бас дәрігері: » Біздің пойызда 15 маман бар. Олар — кардиолог, офтольмолог, стаматолог, терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог сынды дәрігерлер. Сондай-ақ, пойызда қажетті медициналық жабдықтар орнатылған. Мәселен, ЭЛФК және УЗИ, флюраграфия аппараты бар. Сондай-ақ, арнайы қан талдамаларын жүргізу үшін лаборатория жұмыс істейді».

Айта кетейік, ірі қала орталықтарының тұрғындарында тұратын мекен-жайына байланысты кез-келген медициналық көмек алу мүмкіндігі бар, ал егер сіз кішкентай елді мекенде тұрсаңыз ше? Жай флюорография немесе аудандық емханада анализ тапсыру үшін, кішкентай станция тұрғындары ондаған км жерді өту керек. Дәрігерге қаралу мүмкіндігі болмаған себебінен, адамдар жиі қаралуын кейінге қалдырып, ауруларын ушықтырып алады. Екі жыл бұрын АҚ "Қазақстан темір жолы" ҚР ТЖМ бірге еліміздің ең шеттерінде орналасқан аудандарына барып, шаруа тұрғындарын тегін емдейтін "Арнайы мамандандырылған медициналық пойыздар" жобасын шығарған болатын. 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377