Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3851 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 10:50

Душанбеде екі әйелдің бөлшектенген мәйіті табылды

Душанбинка өзенінің бойында тұратын астана тұрғындары бірнеше күн бойында әйелдердің бөлшектенген денелерін тапқан. Бұл ақпаратты Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Екі жас келіншекті өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Тергеу ісінің мәліметінше, бірінші адам өлімі 21 шілдеде орын алған. Сол күні аталған жас жігіттер цирк ауданының маңында 25 жастағы қызбен танысады. Олар оны Н.Карабаев көшесінде тұратын пәтерге ертіп келген. Ойларындағысын жүзеге асырғаннан кейін, өлтіріп, денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген», - деп хабарлайды құқық қорғау органының баспасөз қызметі.

23 жастағы қызбен де танысып, дәл осылай қылмыс жасаған.

ІІМ дереккөзі бойынша, қыздар «түнгі көбелектер» болған. Қазіргі кезде күдіктілер қамауда отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2039
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4898
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4098