Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6181 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 12:01

АҚШ-тағы САЙЛАУ. ӘЛЕМНІҢ ТІЗГІНІН ӘЙЕЛ ҰСТАЙ МА?


Бұл елдің сайлауы жалғыз АҚШ-қа емес, бүкіл әлемге қызық. Бүкіл әлем ресми түрде болмаса да, аңдып отырғаны сөзсіз. Әсіресе Ресей алақанын ысқылап отыр. Өйткені келесі ақ үй қожайынының ойын ережесі қандай болмағы Ресейдің жанын қоярға жер тапқызбай барады. Ресейдің ауыздығын алып, жаңа саясат құра ма? Болмаса Б.Обаманың «АҚШ әлемге жауап береді» саясатын жүргізе ме? Әрине Ресей "Клинтон! Клинтон!" деп айғайлап тұр . Хош, саясат қой. Тісім батпайды...

Сайлауға әлі бірнеше ай бар болса да, президенттік таққа таласу барған сайын қыза түсті. Алдын ала сайлау қорытындысына қарап «Бәрі түсінікті. Келесі президент кім болатыны анықталды» десеңіз қателесесіз. Бұл елде ресми сайлауда барлығы керісінше құбылуы ғажап емес. Сондай-ақ сайлау жүйесі мүлдем басқа.

АҚШ-та 44 президент ауысса да ешқайсысы біздегі сайлаудағы-дай 97,5% дауыс жинамапты...

АҚШ-тың сайлауы осы жылдың 8-ші қарашасында өтеді. Қазір екі мықты анықталды. Бірі мұнаралардың қожайыны, миллиардер – Дональд Трамп.

Ал, екіншісі демократиялық партия атынан ресми түрде алғашқы әйел кандидат атанған - Хиллари Клинтон.

Менің ойымша, Хиллари Клинтон 44-ші ақ үй қожайыны болуы әбден мүмкін. Өйткені мемлекеттік істерді жетік білетін, 20 жылдан аса саясаттың тілін білетін мықты саясаткер. Уақыт өткен сайын, сайлау жақындай келе республикандықтар да Клинтонды қолдай бастады. Ал, кейбір білікті саясаткерлердің айтуынша, «Трамп саясатта болмаған. Сондай-ақ, дөрекі мінезінен, қырсықтығынан қорқады. Атом коды мен жалғыз АҚШ-тың емес, бүкіл әлем тізгінін Трампқа беру қауіпті» дейді. Бұл енді саясаткердің сөзі. Әлем тізгіні деген артық болар. Бірақ АҚШтың аты АҚШ қой...

Сіз кім болады деп ойлайсыз?

1) Демократтар атынынан шығып, 20 жыл саясатта жүрген Хиллари Клинтон. Бұрынғы бірінші ханым енді мемлекеттің бірінші адамы болуы әбден мүмкін.

2) Біздің жасы жетпіске таяған "миллиардер боламын" деп жеті рет құлап, сегіз рет тұрған Трамп! 

АҚШ-тың 42-ші Президенті Билл Клинтон - Хиллари Клинтонның күйеуі. Егер де Клинтон президент болса, АҚШ-тың тұңғыш әйел президенті болады. Сондай-ақ ерлі-зайыпты Клинтондар президент болады. 42+45=Клинтондар дейсің ғой!

Нұрсұлтан Қасеке

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341