Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3394 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 10:59

Жас өрендер жүлдемен оралды

Жасөспірім спортшылардың биік белесі болып табылатын Олимпиада ойындарымен қатар төрт жылда бір өтетін «Азия балалары» жарысы таяуда Ресей Федерациясының құрамдас бөлігі Саха Республикасында өз мәресіне жеткен болатын. Ресей Федерациясының премьер-министрі алауын тұтатқан дүбірлі додада Азия елдерінің ең таңдаулы спортшылары бақ сынады. Осы сында Қазақстан құрама командасы атынан ел намысын қорғауға түркістандық 4 спортшы аттанып, туған жерге абыроймен оралды.

Атап айтсақ, Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің тәрбиеленушісі еркін күресінен Раимова Нилуфар, Туғанбаева Аяулым, Әбен Дариға (Жаттықтырушысы Ерімбетов Нұржігіт) күміс алқа тағынып, ел мерейін асқақтатты. Сонымен бірге, Түркістан қалалық жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Молдаш Кемелбек (жаттықтырушысы Абуов Бақытжан) дзю-додан татами төрінде алаң иесіне жол беріп, қола жүлдеге ие болды. ҚР спорт шебері атағын алды.   

Айта кетерлігі, қасиетті өңір өрендерінің жетістіктері тек осымен шектелген жоқ. Жақында ғана Тайпейде өткен Азия чемпионатында еркін күрестен Раимова Диана ІІІ-орын орын алып, көк туымызды желбіретті.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343