Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5972 0 пікір 30 Шілде, 2016 сағат 15:53

ОҚО-НЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ (ФОТО)

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Б.Атамқұлов ОҚО Жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Абылаевтың бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде есебін тыңдады.Бұл туралы «ҚазАқпарат» порталы хабарлайды.

Есепті кездесуде полиция қызметінің басшысы 6 айда құқық қорғаушылармен 18 рет кең көлемді жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылып, облыстағы жағдай біршама тұрақталғанын жеткізді. Атап айтқанда, өңірдегі аса ауыр қылмыстар мен бұзақылық фактілері 13,5 пайызға кемісе, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайған.

«Жергілікті полиция қызметінің қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарының пәрменділігі өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда арта түсті. Учаскелік полиция инпекторларының ең негізгі жұмыстары ол, құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде ашу болып табылса, жыл басынан олардың жеке іздестіруімен ашылған қылмыстар саны 1709-дан 1911-ге немесе 11,8 пайызға артты», - деді Б.Абылаев.

Елбасының бес институционалды реформасын іске асыруға арналған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында құрылған құрылымның жұмысымен танысқан облыс әкімі саладағы қоғамдық тәртіпке байланысты жұмыстарға сын, ескертпелер айтып, ұсақ құқықбұзушылық пен нөлдік төзімділікті бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің аудан, қаладағы бөлімшелерінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізіп, бірқатар ескертулер берді.

Өз кезегінде, сөз алған облыстың бас прокуроры И.Иманов заңдылықты қадағалау жұмыстарына қатысты аталған құрылымның бірқатар кемшіліктерін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512