Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4872 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 16:23

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Омарбеков Бауыржан Қажымұқан және Шұбар ауыл округтеріндегі бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралап, жағдайына қанықты. Бұл туралы «Abai.kz» порталы «Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шұбар индустриялды аймағындағы кәсіпкерлік нысандарының бүгінгі ахуалын, сонымен қатар алда атқарылатын жұмыс жоспарымен танысты. Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес, жер қойнауын жер асты суларының көлемдері, пайдалану пайызы (құны) өсуіне байланысты Арыс өзенінің бойында орналасқан монша соңғы 6 айда жұмысын тоқтатты. Әкім орынбасары монша иелерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Бақытұлы егістік жерлердің, су арналарының, мал тоғыту орындарының бүгінгі хал-жағдайын көрді.

Ал «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша биыл Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметіне 30 азамат тұрақты жұмысқа жолданған.
Бағдарлама аясында 2012 -2013 жылдары кәсіби даярлауға Шымкент аграрлық колледжіне жолданған азаматтар бүгінде дипломын алып, елге оралды. 15 азамат санитар – ветеринар, фельдшер – ветеринар мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. 
Жалпы аудан бойынша жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға 1076 адам өтініш білдіріп, барлығы бағдарлама құрамына тартылды. 
Жаңа және бос жұмыс орындарына 544 адам жолданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 220 жұмыс орны ашылды, босаған 324 жұмыс орнына азаматтар жолданып, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552