Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Не көріп жүрсіз? 6558 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 16:09

ТҮРКИЯДАҒЫ БҮЛІКТІ ГҮЛЕН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БА?

Түркиялық «Заман» газеті елдегі Ердоған билігіне қарсы әскери төңкеріске қатысты тың деректерді жариялады.  Ұлыбританияның ішкі Барлау ұйымының мәліметіне сүйенген басылым Ердоған мен оның билігіне қарсы төңкерісті «жасанды» деп бағалады. Бұл туралы «parstoday.com» сайты жазады.

«Заман» газеті өз хабарында Ұлыбританияның ішкі барлау ұйымы мәліметтеріндегі Анкарадағы бірсыпыра жоғарғы лауазымды шенеуніктердің телефон сұхбаттары мен кілт сөз қойылған электронды хаттарына қол жеткізген. Онда Түркия Үкіметінің жоғарғы лауазымды шенеуніктері мемлекеттік және жекеменшік органдарды қарсыластардан тазарту үшін жоспар құрып, әскери төңкеріс ұйымдастырғандығы айтылады.

Естеріңізге сал кетейік, осыған дейін Түркияда Президент Режеп Тайып Ердоған мен оның Үкіметіне қарсы әскери төңкеріс болған.

Ал Түркия Президенті төңкерісті – АҚШ-та тұрып жатқан түрік диссиденті, діни ағартушы Фетхуллах Гүлен мен оның жақтастары ұйымдастырды деп мәлімдеген. Тіпті, Ердоған ресми түрде АҚШ билігіне шағымданып, Фетхуллах Гүленді Түркияға экстрадициялауды сұраған.

Тіпті ресейлік Еуразия арнасы материалында ресейлік СУ-24 ұшағын Гүленнің жақтастары атып түсіргендігі де айылды.

Ал батыстық телеарналарға сұхбат берген Фетхуллах Гүлен Президент Ердоғанның сөзін теріске шығарған.

«Мен 15 жылдан бері осында, АҚШ-та тұрып келемін. Ондағы биліктегі көп адамдарды танымаймын да. Мен Түркияда болған кезде танитын адамдар қазір биліктен кеткен. Сондықтан Түркиядағы терактіні мен ұйымдастырды деу қисынсыз. Ал мені экстрадициялауға келетін болсақ, бұл талап осыған дейін бірнеше мәрте қойылған. Құрметті Обама мырза егер мені Түркияға жіберемін, десе мен барамын. Онда тұрған ештеңе жоқ»,-деп жауап қатқан-тын.

Осыдан кейін, Түркия Президентінің қалауымен Анкара Қырғызстаннан елдегі түрік лицейлерін жабуды сұраған.

Бұған Қырғызстан Республикасы СІМ ресми мәлімдеме жасап, «Қайсыбір елдің сыртқы істер министрінің, ультиматум және бопсалау тілімен, өзге бір мемлекетке не істеу керектігін нұсқау – дөрекілік»,-деп жауап қайтарған.

Түрік лицейлерін жабу мәселесі қазақ қоғамында да бірнеше мәрте көтерілгенімен Ердоған талабы әзірге қанағаттандырылған жоқ.

Сонымен Ердоғанның Гүленмен арадағы айқасы әлі жалғасып келеді. Бір кездері айнымас дос, аға мен іні, ұстаз бен шәкірт болған екеудің ерегесі енді Халықаралық сипат алып барады. Жоғарыдағы ақпараттардың ауанына  сенсек, Түркиядағы төңкерісті Ердоған өзі ұйымдастырған болуы мүмкін.  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1471