Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4441 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 16:07

ОҚО ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ 8 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 2016 жылдың 1-жарты жылдығында қорытындылады. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«2016 жылдың өткен кезеңінде прокурорлық қадағалаудың негізгі басым бағыттары ретінде Елбасының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары мен актілерін уақытылы және сапалы орындау болып белгіленген», делінген хабарламада.

Бас прокуратураның жаңалығының бірі, ол біздің қызмет ету саламызға жобалық менеджментті (басқару) енгізу болды.

Бір сөзбен айтсақ, бұл нәтижеге бағытталған командалық жұмыс және біздің өңірімізге тән өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, мақсаты өзара байланысқан бірегей іс-шаралар жиынтығы.

Бас Прокуратураның алқасында прокурорлық қадағалаудың барлық бағыттары бойынша 15 жоба ұсынылды. Сіздер оларды көрдіңіздер, сондықтан осы тәжірибені қабылдап, іс-жүзінде жүзеге асыру қажет.

«Қазіргі таңда, прокуратурамызда екі топ жұмыс жасауда, «Мал ұрлығына тосқауыл» және «Жер саласындағы проблемалық мәселелерді шешу» атты екі жобалар жүзеге асырылуда», делінген хабарламада.

Жалпы облыс көлемінде наразылық акцияларын өткізу деректеріне жол берілген жоқ, қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Рұқсатсыз 17 акциялар орын алды, оларда негізі жер және тұрғын үй - коммуналдық сипаттағы мәселелер көтерілген.  

Қадағалау қызметінің негізгі міндеттері ретінде өңірдегі құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері айқындалды.

Өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау ерекше орынға ие. Облыстық прокуратура органдары 8 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтарын, оның ішінде 2500-ге жуығының еңбек құқықтарын қорғады.

Ықпал ету шараларының нәтижесінде жалақы қарызы 3,5 есеге жуық төмендетілді (55-тен 15 млн. теңгеге дейін).

5 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды, оның ішінде мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі балалар (тексеру қорытындылары Бас прокуратурамен оңды бағаланған).

Біздің бастамамыз негізінде өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін әкімдікпен 1303 сенім сымтетігімен Кризистік қызмет құрылды.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтарын қорғау аясында 800 мүгедектің, 30 қарт азаматтың құқықтарын бұзу, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз тағайындаудың 80 фактісі анықталды.

Бюджетті толықтыру басты бағыттардың бірі болды.

Жыл сайын мемлекет бюджетіне қомақты қаржы құйылуына қол жеткізудеміз, ағымдағы жылы бюджет 1,8 млрд. теңгеден астам сомаға толықты, 1,2 млрд. теңгеге мүлік қайтарылды.

63 мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын бұзу арқылы 5,5 млрд. теңгеден астам қаржының заңсыз жаратылуына тосқауыл қойылды, мемлекеттік бюджетке 31 млн.теңгеден астам сома өндірілді.

Қолданылған шаралар нәтижесінде мемлекет меншігіне 21 мың (18,6 мың.) гектарға жуық жер учаскелері қайтарылды, бюджетке 88 млн. тенге (204,3) өндірілді.

Егер осының барлығын теңгеге ауыстырсақ, жарты жылдың өзінде 9 млрд.-тан астам қаржы, салыстырмалы түрде айтатын болсам облыстық прокуратура органдарын қаржыландыруға бір жылдың өзінде 1,2 млрд. теңге бөлінеді, демек 6 айдың өзінде біз прокуратураны күтіп ұстауға бөлінетін қаржыдан жеті есе артық қайтардық, немесе бұл қаражатқа 6 типтік мектеп салуға болады (600 орындық).

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру көрсеткішін 60%, (60,6%) деңгейге жеткізу туралы тапсырманы орындадық.

768 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, олардың құқықтарына қол сұққан 72 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылды.

«Ақбұлақ», ««Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы», «Кәсіпкерліктің жол картасы», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жетілдіру» және т.б. мемлекеттік бағдарламалары үнемі бақылауда.

«Криминогендік жағдай тіркелген қылмыстар санының 10,6 пайызға өсуімен сипатталады (2015 жылдың 6 айынан 18714-ден 2016 жылдың 6 айында 20694-ке дейін)», делінген хабарламада.

Сонымен бірге, аса ауыр қылмыстар 23,6 пайызға (127-ден 97-ге), оның ішінде кісі өлтіру 45,5 пайызға ( 55-тен 30-ға), қарақшылық 34,9 пайызға (43-тен 28-ге), зорлау 30,1 пайызға (163-тен 114-ке), бұзақылық 13,6 пайызға (1047-тен 905-ке) төмендегені байқалады.

Дәл осы қылмыстар санаттарына қарап, біздің облысымыздың тұрғындары қоғамдағы өз қауіпсіздіктерін бағалайды.

Бас прокуратурамен біздің алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты жұмысымызға оң баға берілді.  

Қолданылған ұйымдастыру шаралары нәтижесінде 7 млн. теңгеден астам сомаға процессуалдық шығындар өндірілді, бұл ретте өз еркімен процессуалдық шығынды өтеу тәжірибесі жасақталды (олардың сомасы 2,8 млн. теңгені құрады). 

Ағымдағы жылдың 6 айында кепілдің саны 68,4% (республика - 64,5%) құрады, қамауда ұстау 24 пайызға азайды, ешқайда кетпеу қолхаты мүлдем қолданылған жоқ.

Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғала отырып, прокурорлармен 9 заңсыз ұсталған азамат босатылды. 15 тұлғаға қатысты заңсыз жедел-іздестіру шаралары қысқартылды.

Үш сатылы сот өндірісінің енгізілуіне және ағымдағы жылдың 6 айында сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қысқартылған істер 54 пайызға көбеюіне байланысты, қылмыстық істер бойынша жүктеме 23 пайызға азайды (2516-дан 1942-ге).

Мемлекеттік айыптаушылардың жазалау мәселесіне қатысты теңгерімді тәсіл қолдануы жазалау тәжірибесін 25-тен 21 пайызға төмендеуіне мүмкіндік берді, бұл Республика көлемінде үздік көрсеткіштердің бірі.

2015 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың өткен мерзімде айыппұл жазасы белгіленген сотталушылар 9,3 пайызға (259-дан 283-ке), бас бостандығы шектелгендер 9,4 пайызға (319-дан 349-ға), шартты жаза тағайындалғандар 22,3 пайызға (192-ден 235-ке) көбейгені байқалады.

Бас Прокуратураның сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша соттарды еселік айыппұл тағайындауға бағыттау туралы тапсырмасы орындалуда, 35 тұлғаның ішінен 27-не немесе 76 пайызына 146 млн.теңгеден астам айыппұл белгіленді (2015 жылы-50%).

Оның ішінде, 111 млн. теңгеге 20 тұлғаға қатысты үкімдер немесе 77 пайызы нақты орындалды.

Қанағаттандырылған наразылықтар 4 есеге (14-тен 66-ға), қанағаттандырылуы 11,5 пайызға көбейді.

Мемлекеттік айыпты қолдау сапасы тұрақты түрде жоғары - 99,8% (13 жылы - 99,3%,  14 жылы - 99,4%, 15 жылы-99,7%).

Сотта мемлекет мүддесін өкілеттік ету саласында біздің наразылықтарымызбен 26 сот актісі заңға сәйкестендірілді, қайтарып алынған наразылықтар жоқ. 

68 млн. теңгеден астам сомаға бюджет шығынының алдын алдық.

Заңдылықтың бұзылуына шара көру тиімділігін 100 пайызға жеткіздік, прокурорлардың талап тілектері бойынша 56 жеке ұйғарулар шығарылды (қатысқан прокурорлардың 18 баянаты бойынша тексерулер жүргізіліп, 5 тексеру құжаттары ЕРДР-ге тіркелді, 1,5 млн. теңгеден астам сомаға 24 тұлға әкімшілік, 42 лауазым тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды).

Әкімшілік сот ісін жүргізу бағыты бойынша соттардың 15 қателіктері түзетілді. Монополияға қарсы заңнама саласындағы әкімшілік істерді негізсіз қысқарту тәжірибесі жойылды, тек екі ғана наразылық бойынша құқық бұзушыны 5 млн. теңгеден астам сома айыппұлдан заңсыз босату дерегінің алдын алдық. Наразылықтардың қанағаттандырылуы 88% құрады.

Бұл жылы облыстық прокуратура тарапынан алимент өндіруге ерекше назар аударылды. Қолданылған шаралар нәтижесінде 11 млн. теңгеден астам сома өтелді, 471 борышкер жұмыссыз ретінде есепке қойылды, 147-сі нақты жұмыспен қамтылды, 58 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, СДТТБТ-ға(ЕРДР) 27 құжат тіркелді.  

Бізбен құқыққорғау жүйесін жетілдірудің белсенді саясатын жүргізуге қатысты мемлекеттік шаралар туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейіне, халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге, прокуратура органдары мен жалпы құқыққорғау жүйесінің оңды имиджінің қалыптасуына  қажетті назар аударылуда. Бұл мақсатта 36 баспасөз-маслихаты өткізілді, 115 семинар-кеңестер ұйымдастырылды, 129 дөңгелек үстелдер өткізілді, БАҚ-та 1642 ақпараттық мәліметтер жарияланды. Прокуратура органдарының және жалпы құқыққорғау блогының жұмысын айқындайтын көптеген ақпараттық-насихаттық түсірілімдер дайындалып, республикалық және жергілікті эфирлерге шығарылды.

Облыстық прокуратура ақпараттық-имидждік жұмыстың сапасын көтере отырып, бірнеше басылымдарда «Қоғамдық пікір» - «Общественное мнение» айдарларын ашты, оларда азаматтардың оңды пікірлері мен алғыс хаттар жариялануда, жарты жылдың ішінде 45-тен астамы, түсіп, 42-ге жуығы жарық көрді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562