Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4642 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 11:47

БИЫЛ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ПРОБЛЕМАЛАРЫ БОЛМАЙДЫ

Биыл елімізде ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуге барлығы 366,8  мың тонна дизельдік отын қажет. 2016 жылы ҚР Энергетика министрлігі шаруаларға егін егу жұмыстарына арналған дизельдік отынның көтерме саудадағы бағасы литріне 79 теңге болады деп мәлімдеді, ал бөлшек сауда бағасы литріне 99 теңгені құрайды. Өткен 2015 жылы ауылшаруашылық тауар  өндірушілеріне қажетті отын шығынының нормативтеріне сәйкес дизельдік отынға сұраныс  786,4 мың тоннаны құраған болатын (оның 365,7 мың тоннасы – көктемгі егін, 420,7 мың тоннасы – күзгі астық жинау жұмыстарына бөлінді). Жалпы,  соңғы бірнеше жылда ауыл шаруашылық саласының өкілдері көктемгі егіс және астық жинау науқандары кезеңінде жанар-жағармайдың осы көлемін тұтынып келеді.

Айта кетерлігі, мемлекет дизельдік отын бағасын реттеуге араласқанмен,  ЖЖМ құнын арзандатуға тікелей бюджеттен қаражат бөлінбейді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері ЖЖМ сатып алуға қаражат табу мәселесін өз күштерімен шешуі тиіс. Ал, ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін маусымдық егіс жұмыстарын жүргізу кезінде арзандатылған дизельдік отын бағасын бекітудің тәсілі басқада. Яғни,  осы уақытқа дейін  Энергетика министрлігі әкімшілік жолмен ауылшаруашылық өндірушілері  үшін мұнай өңдеу зауыттарымен бірлесіп дизельдік отын босатудың көтерме бағасын белгілейді. Ол баға нарықтық көтерме бағадан сәл төмен болады және арзандатылған деп аталады.  Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған дизельдік отынның осы босату бағасы мүмкіндігінше белгілі бір мерзімге нақты бекітіледі.  ҚР «Мұнай өнімдеріінң жекелеген түрлерін өндіру және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы»  заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес,  Энергетика министрлігі жыл сайын арнайы кесте жасайды. Сондай-ақ,  мұнай өнімдерін көтерме  саудада сатып алушылар мен бөлшек саудада  өткізушілер жыл сайын 2 наурыздан 3 мамырға дейін, 1 тамыздан 31 қазанға дейін мұнай өнімдерін сатып өткізу кезінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге басымдық беруі міндетті.  

Дегенмен, республикамыздағы мұнай өңдеу зауыттары дизельдік отынмен қамтамасыз етуде басымдыққа ие  салалардың сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндігі жетпейді. Жанармайдың бір бөлігі шеттен импортталады, қысқа арналған дизельдік отын негізінен Ресейден тасымалданады. Оның бір себебі жанар-жағармайдың сапасына келіп тіреледі, өйткені, Қазақстанда өндірілетін мұнай құрамында күкірттің мөлшері жоғары екендігі белгілі. Бұл оның сапасына және өзіндік құнына ықпал етпей қоймайды. 

Жалпы, Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндірушілер –  Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар мұнай-химия зауыты, Шымкенттегі «Петро Қазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) – елімізді жанар-жағармаймен негізгі қамтамасыз етушілер. Бұл МӨЗ-да өндірілетін мұнай өнімдері қазіргі уақытта ЕВРО-2 стандарттарына сай келеді (бұл ескі, 1996 жылғы стандарт, дамыған елдер құрамында зиянды заттары шектелген, экологиялық ЕВРО-4 және ЕВРО-5 стандарттарына көшті). Және де аталған зауыттардың мұнайды қайта өңдеу бойынша қосынды қуаттылығы жылына 14,5 млн. тонна мұнайды құрайды. Зауыттардың орнасалқан жерлері ел өңірлерін біркелкі қамтамасыз етуге қолайлы.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында дизельдік отынды тұтыну көлемі 2240,7 мың тоннаны құрады, оның  2091,1 мың тоннасы отандық жанар-жағармайдың үлесінде, ал импорт 140,7 мың тоннаны құрайды.

Осы ретте, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыру, сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында аталмыш зауыттарды қайта жаңғырту шаралары жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүргізіледі және  кезең-кезеңмен 2017 жылы  аяқтау көзделген. Осы зауыттарды қайта құру жұмыстарының нәтижесінде ішкі нарықтың сұранысын толық көлемде қанағаттандыру, жоғары октанды бензиндердің импортынан құтылу,  бензин мен дизельдік отынның  құрамындағы күкірттің деңгейін азайтып, сапасын жақсарту,  қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту, мұнай өнімдерінің сапасын ЕВРО-4 және ЕВРО-5 стандарттарына жеткізу, зауыттардың қуаттылығын жылына 17,5 млн. тоннаға жеткізу іспетті жоспарлар орындалуы тиіс.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566