Жексенбі, 24 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 4632 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 15:19

ОҚО ШАРУАЛАРЫНЫҢ ӨНІМІ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛМАҚ

Ауыл шаруашылығы бидай өсіруге маманданған Төле би ауданында егін ору науқаны қызу жүруде. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Шаруалар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде.

Жалпы ауданда 19 859 гектар жерге астық егілсе, оның 12747-сі бидай, ал 7112 гектары арпа. Бүгінде шаруалар 8 мың гектарға жуық бидайды орса, арпаны толығымен жинап алып отыр. Гектарына 24-26 центнер өнім алуды жоспарлап отырған диқандар өнімнің түсімі былтырғы жылмен салытырғанда 23,5 пайызға артқанын айтады.

Алтын орақ кезінде 75 комбайн, тасмалдаушы 153 жүк автокөліктер жұмылдырылған. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген.

Ендігі міндет – егін орағы науқанын лайықты атқару. Бұл үшін ауданда барлық қажетті техника күші жұмылдырылған.

Ал Арыс қаласындағы ұн диірменінде шығарылатын өнім көлемі ұлғайды. Енді мұнда тәулігіне 120 тонна бидай өңделеді. Оңтүстікте шығарылатын тауар жылдың соңына дейін шетелге жіберіледі деген жоспар бар.

Диірмендегі қондырғылардың көмегімен он бес минуттың ішінде ұн дайындалады. Автоматтандырылған аппарат жұмыстың +0 пайызын өзі атқарады. Қазір мұнда 10 адам жұмыс істейді. Диірменде тәулігіне 90 тонна ұн, 120 тонна бидай өңделіп шығады,-деп жазады otyrar.kz.

Бұл жобаның жалпы құны 163 млн теңгені құрайды. Алғаш кәсіпорын жұмысын өз күшімен бастаған. Диірменнің көлемін ұлғайту мақсатында серіктестік басшысы «Даму-Өндіріс-2» бағдарлама аясында несие алған. Бірақ, ұн өңдеуде бұл қаражат жетпепті. Тағы да көмек алуға әзір. Бірақ, жолына кедергі болатын тұстар көп. Дегенмен, диірменнің қуаттылығы өз қарқынында. Енді мұнда шығарылатын бидай мен ұн шет елге жіберілмек.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555