Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4833 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 11:26

Калеева: Қазақстанға БАҚ туралы жаңа заң керек

Қазақстаның журналистер одағы мен сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы Қазақстанға БАҚ туралы жаңа заң қажет деп мәлімдеді.

Бұл жөнінде «Әділ сөз» президенті, Қазақстан журналистер одағын уақытша басқарып отырған Тамара Калеева ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа жазған ашық хатында мәлімдеген.

Тамара Калееваның пікірінше, осыған дейін енгізілген өзгерістер мен түзетулер журналистердің жұмысын еркін атқаруға мүмкіндік бермейді. «Бізге бұрыннан бері сапалы әрі жаңа БАҚ туралы заң керек», — дейді Калеева. Калееваның хатында жаңа заң қазақстандық баспасөзге бәсеке тудыру керек, шығармашылыққа еркіндік беруі керек және қоғамдық пікір қалыптастыру керек делінген.

Заң жобасы авторларының пікірінше, БАҚ туралы заңға ұсынылған өзгерістер "журналистердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ақпарат саласында құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді".​

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563