Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4076 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 11:23

Арменияда полиция ғимаратын басып алушыларға көмектескендер ұсталды

Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) "Құрылтай парламенті" оппозициялық ұйымның мүшелеріне Еревандағы полиция ғимаратын басып алуға көмектескендер ұсталды, деп мәлімдеді.

Қанша адам ұсталғанын мекеме ашық айтпады, бірақ қазіргі уақытта шабуылдаушыларға көмектесуге тырысып жатқан қалған жақтастарына бақылау жүргізгенін жеткізді.

17 шілдеде "Құрылтай парламенті" оппозициялық партияның үйлестірушісі Жирайр Сефилянның жақтастары Еревандағы полиция ғимаратын басып алып, бірнеше адамды кепілдікке ұстады. Шабуыл кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жараланды.

Шабуылдаушылар Сефилянды босатуды талап етеді. Ол мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қамауда отыр. Армения билігі белсенділердің талабын орындаудан бас тартты. Ғимаратты басып алғаннан кейін, арнайы жасақ шабуылдауға дайын тұр.

Осының алдында ІІМ ғимаратында кепілге алынғандардың бәрі келіссөздерден кейін босатылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554