Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 9486 1 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 07:42

ҮНДІСТАН. 6 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰДАЙ КӨРІП СЫЙЫНЫП ЖҮР (ФОТО)

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай ретінде көріп, оған табынып жүр. Тұрғындардың пікірінше, Праншудың тәніне үндістердің бір Құдайының жаны қонған болуы мүмкін. Себебі оның сырт келбеті Ганеш Құдайына қатты ұқсайды екен.

Праншу Пенджабтағы Джаланхар (Jalandhar) елді-мекенінде тұрады. Дүниеге келген кезінде-ақ оның көздері қысыңқы әрі маңдайы ісіңкі болған. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты нақты байламға келе алмаған-ды, деп жазды Metro.

 

Оның ерекше бет-әлпетіне зер салған ауыл тұрғындары жас баланы Құдайға теңеп, оған «Лорд Ганеш» (Ганеш – үндістер табынатын Құдайлардың бірі) деп ат берген.

 

Баланың әкесі Камлеш те тұрғындардың көзқарасына түсіністікпен қарайды. Осы орайда ол әр бейсенбі сайын ұлын ғибадатханаға алып барып, халықпен кездесуіне мүмкіндік туғызады.

 

Суретте: Праншу отбасымен бірге

«Ол – Құдай. Басқа адамдар сияқты мен де оған табынамын. Себебі оның денесі Ганеш Құдайының мүсінінен аумайды», – дейді баланың әкесі.

 

«Ол әрбір адамға өз батасын береді. Онымен жүздескен әрбір ауыл тұрғыны қалаған арманына қол жеткізеді. Одан бөлек, ұлым күн сайын мектепке барады. Көрген адамдар оған үнемі гүл сыйлайды», – дегенді айтады "Ганеш-Құдайдың" әкесі.

«Менің түр-әлпетім Ганешке ұқсайды, адамдар менің шынайы есімімді де білмейді. Мектептегі ұстаздарым да маған құлшылық жасайды. Ал достарым мені Құдай санағандықтан, менімен ойнап немесе қорқытпайды. Адамдар мені Ганеш Джи деп атаған кезде өзімді бақытты сезінемін. Мен тек соған ұқсағым келеді. Үлкен басыма да, бет-әлпетіме де дән ризамын», – дейді кішкентай Праншу.

дереккөзі: muslim.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2059