Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3052 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 11:28

Путин: "Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасының түзелгенін қалайды"

Президент Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасының толық түзелгенін қалайды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл "оңайға түспейді", бірақ Кремль "өз қадамын жасауға дайын", - деп хабарлады "Интерфакс".

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Құрама Штаттардың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ресми түрде қызметіне кіріспейінше, ресейлік басшы онымен келіссөздер жүргізбейді.

АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесінде Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп сайлау алқасының 270-тен астам дауысын иеленіп, елдің 45-ші президенті атанды. Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары оның жеңісін қуанышпен қарсы алды.

Сайлау нәтижелері жарияланған соң Трамп өзінің жақтастары алдында сөз сөйлеп, АҚШ-тың мүддесі үшін қызмет ететінін, бірақ басқа да елдерге "әділ" қарайтынын мәлімдеді.

"Біз жауласу емес, достасу жолдарын таңдаймыз", - деді Трамп.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124