Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3467 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 10:30

Сириялық оппозиция Раккаға шабуыл басталғанын жариялады

«Демократиялық Сирия күштері» бүлікшіл отряды сириялық Ракка қаласына шабуыл бастаалғанын хабарлады. Ракка - «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қолбасшылығының орталығы саналады.

«Демократиялық Сирия күштері» - күрд, араб және басқа да әскери құрылымдардың бірлестігі. «Евфрат ашуы» деп аталатын операцияға шамамен 30 мың жауынгер қатысады. Түрік әскері Раккадағы айқасқа қатыспайды, бірақ операция америкалық авиация қолдауымен жүргізіледі.

Ракка Сирияның шығысында орналасқан, қаланы 2014 жылдың қаңтарынан бері «Ислам мемлекеті» бақылайды. Экстремистік топтар оны өзінің «астанасы» деп есептейді.

Қазанның ортасында сириялық оппозиция түрік әскерінің қолдауымен Дабик қаласын экстремистік топтардан азат етті. Қазіргі таңда Иракта Мосул қаласын үкімет билігіне қайтару операциясы жүріп жатыр.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2254
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3908