Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3694 0 пікір 4 Қараша, 2016 сағат 10:43

Түркіменстанда Гүленмен байланысы бар кәсіпкерлер ұсталды

Түркіменстанда соңғы айларда бірқатар ірі кәсіпкерлер ұсталды. Олар түрік дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүлен басқаратын "Хызмет" қозғалысына қатысы бар деп айыпталды.

Түркіменстанда белгілі "AlpEt" мейрамханасының және "Merdem" ойын-сауық орталығының қожайыны Ресул Атагелдыевті билік несиені мақсатсыз пайдаланды деп айыптады. Достары болса кәсіпкер несиені уақытында жауап тұрды дегенді алға тартты. Бірақ тергеу ол қаражаттың Гүленмен байланысы бар делінетін шетелдік компаниялардың есебіне аударған деп отыр.

Белгілі болғандай, елдегі кем дегенде тағы жиырма шақты белгілі кәсіпкер түрік дін уағыздаушысымен байланысы бар деген күдікпен ұсталған.

Кәсіпкерлердің ұсталуы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ашхабадқа сапары қарсаңында жүзеге асты деген болжам бар. Ердоған үкіметі оппозициялық саясаткер Гүленді және оның "Хизмет" ұйымын шілдеде сәтсіз аяқталған әскери төңкерісті ұйымдастырды деп айыптап отыр.

Түркиядағы бүліктен соң Ашхабадта Гүлен қозғалысының қамқорлығындағы халықаралық түркімен-түрік университеті жабылды. Ресул Атагелдыев және басқа да түркімен кәсіпкерлері осы оқу орнын бітірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342