Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5151 0 пікір 31 Тамыз, 2010 сағат 05:39

Алматыда валюта айырбастау қосынына шабуыл жасалды

Алматы. 31 тамыз. ҚазТАГ - Өткен сенбіде Алматының Алмалы ауданының аумағындағы валюта ауырбастау қосындарының біріне шабуыл жасалды, деп мәлім етті агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Таңғы сағат 9 шамасында Желтоқсан және Қарасай батыр көшелерінің қиылысына жақын орналасқан республика күш құрылымдары ғимаратының қасындағы валюта айырбастау қосынынан бірнеше метр жерде болған қылмыстық оқиға туралы толық мәлімет жоқ.

Шабуылға бетперде киген белгісіз үш адамның қатысқаны ғана белгілі. Айырбастау қосынына кіріп бара жатқан 24 жастағы менеджерге шабуылдаған қарақшылар оның қолынан валюта салынған сумканы жұлып әкеткен. Қашқан қылмыскерлер соңдарына түскен айырбастау қосынының екі менеджеріне тапаншадан оқ атқан, дейді дереккөз.

Жарақат алғандар жедел түрде 7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар стационарлық емдеу қажет болмаған соң үйлеріне жіберілді.

Оқиға орнын тексерген криминалист мамандардың алдын ала болжамдарына сәйкес, адамдарға 9 мм калибрлі травматикалық қарудан оқ атылған. Инкассаторларға кем дегенде он рет оқ атылған.

Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, қылмыскерлер алып кеткен ақшаның жалпы сомасы $200 мыңға жуық.

Қалалық ІІД айырбастау қосынына шабуыл жасалғанын қуаттап, қарақшылыққа қатысы бар адамдарды анықтап, қамауға алу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036