Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3556 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 22:56

Мақтааралдың қауыны еуропаға жол тартты

Бүкiл республикаға «ақ алтын» өсiрумен танылған Мақтаарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын-қарбыз егумен де айналыса бастады. Бүгiнде мақтааралдық диқандар қауын-қарбыз өсiрудi шебер меңгерiп, бақша дақылдарының экспортқа арналған неше түрлi сорттарын жасап шығаруда.

Бiр ғана мысал, мақтааралдық диқандар биыл 28 мың гектар жерден 610 мың тонна қауын-қарбыз алса, соның 450 мың тоннасын шетел нарығына шығарған. Мұның өзi гектарынан 263 центнерден өнiм алып, өткен жылмен салыстырғанда 25 центнерге артық қауын-қарбыз жинаған мырзашөлдiктер бақша дақылдарын өсiруде Орта Азияның көшбасшысы болғанын дәлелдейдi.

Мақтааралдың бау-бақша өнiмдерiнен көл-көсiр пайданы ресейлiк және беларусьтiк кәсiпкерлер де көрiп отыр. Оңтүстiктен жеткен қауын-қарбызды осы терiскейдегi көршiлер Батыс Еуропа мемлекеттерiне тасымалдайды екен.

«Мақтааралды «қауын-қарбыздың отаны» деп санаймыз. Бұл жердiң қауын-қарбызының дәмi ерекше. Сол себептi Мәскеу мен Минск қалалары осы жердiң өнiмiне тапсырыс бередi. Бiз қауын-қарбызды осы жерден тасимыз» дейдi ресейлiк бизнесмен Станислав Каспаров.

Орта Азияда Түркiменстан, Тәжiкстан және Өзбекстан елдерi қауын өсiрумен айналысады. Дегенмен, «Еуразиялық экономикалық одақтың» арқасында Мақтаарал ауданының шаруалары өнiмдерiн Ресей мен Белоруссияға оңай экспорттап, кедендiк кедергiлердiң болмауының арқасында шетелдерге жол тартуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1018
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 711
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677