Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3603 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 22:54

Келестiң бойы кең жайлау

Аласапыран заманда қалмақтар қуылған соң қырғыздар қазақ жерiнiң бiразын қармап қалмақшы болып, Келестiң даласына, Созақтың қаласына, Таластың тауларына, Жетiсудың жайлауларына тереңдей ене бастағанда Абылай хан батырларына басу айтып, «уақыты келген жоқ» деп қарсы шабуға тоқтау салады.

Елi, жерi жау қолына өтiп бара жатқанына шыдамаған Бердiқожа батыр Көкжал Бараққа барады. Осылайша арғын, наймандармен бiрiгiп, 4000 қолмен қырғызды шапқанмен, оларды жеңе алмайды. Осыдан кейiн Абылай хан қырғызға хан болуды көксеп жүрген Садырға Жауғашты батырды елшi етiп жiберiп, оған былай дептi:

Бар Садырға бара гөр,

Елдесейiк Садырмен.

Таластың бойы тар жайлау,

Таласа барып жайлайық.

Келестiң бойы кең жайлау,

Кеңесе барып жайлайық.

Бұл өлеңдi мұрағаттан тапқан Үмiткен Бүркiтбаева «Жетiсуым – жетi құтым, ырысым» кiтабына енгiзiптi.

Салиқалы саясат ұстанған Абылай хан сәттi күнi келгенде қырғызды қазiргi отырған жерiне дейiн ығыстырды. Қоқаңдап келе жатқан Қоқан әскерiн де 1765 жылы Пiскент түбiнде талқандады. Осы кезде Абылай хан жер қайыстырған қолымен Келес өзенiнен ары-берi өттi ғой! Сол өткел қазiргi Сарыағаш шипажайы орналасқан жерде.

Жазып алған С.ДӘНIҚҰЛҰЛЫ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602