Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2936 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 13:46

Кәсіпорын тынысы мен кәсіпкерлер мәселесі облыс әкімінің назарында

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі өнеркәсіп және агроэнеркәсіп кәсіпорындарын аралады. Өңір басшысы қаладағы облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.

Орталықтың мамандары осы күнге дейін 108 мыңға жуық кәсіпкерге кеңес беріп,  27 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік мектебін тәмамдаған. 4 мыңға жуық жоба қаржыландырылуда.

Кездесу барысында облыс əкімі кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді жою үшін нақты іс шара жоспарын жасап ерекше қолға алу керектігін тапсырды.

Жұмыс сапары кезінде Жансейіт Қансейітұлы жалпы аумағы 89 га болатын «Тассай» индустриалды аймағында болып, жұмысымен танысты. Болашақта мұнда 23 зауыт іске қосылмақ.

Аталмыш аумақ Қазақстандағы ең үлгілі индустриялды аймаққа айналуға қауқары бар. Өйткені мұнда кәсіпкерлерден 100% инвестиция тартылған. Фармацевтика, машина жасау және жиһаз индустриясы секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған аймақты аралаған облыс әкімі кәсіпкерлердің мәселелеріне қанығып, оны шешу жолдарын талқылау жөнінде жиналыс ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар сапалы инфрақұрылым тартуды жүктеді.

Мұнан бөлек, Ж.Түймебаев қаладағы су сорғыларын шығаратын «Karlskrona LC AB» ЖШС мен «Azala textile» тоқыма кешенінде болды. Жылына 6500 дана тиегіш сорғы мен дисктік айналма бекітпелер шығаруға мүмкіндігі бар «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің автоматтандыру деңгейі жоғары болуының есебінен 40 адам жұмыспен қамтылған.

«Azala textile» тоқыма кешені жылына 2 824 тонна иірім жіп, 13 млн. погонды метр мата, 2 млн. төсек жабдығының жиынтығы және 7 млн. дана түкті тігін бұйымдарын өндіруге қауқарлы. Айта кету керек, тоқыма фабрикасы сынды өнеркәсіп орны елімізде әзірге жалғыз.

Өз саласында бірегей кəсіпорынды аралау барысында өңір басшысы отандық өнімге мемлекеттік тапсырысты күшейтуге нақты жұмыс жоспарын жасауды тапсырды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607