Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3026 0 пікір 25 Қазан, 2016 сағат 13:52

Созақтың алтыны мен көмірі...

Уран өндірумен мол салық түсіріп келе жатқан Созақ ауданында алдыңғы жылдан бастап алтын өндірілсе, келесі кезек көмірге де жетіпті. Мұнан бөлек, аудан әкімі өңірдегі бірнеше су тоғандарында балық шаруашылығы қолға алынғалы жатыр екен. Енді осы іс алға басып, Созақ балығы шетел асып жатса таңқалмаңыз. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев журналистермен кездесу барысында айтты.

Ауданның жалпы өңірлік өнімі де көтеріліп келеді екен. салыстырмалы түрде айтайық, 1991 жылы өңірлік өнім 1,5 миллиард теңге болса, бүгінде 214 миллиард теңгеге дейін өсті. Мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі - инвестиция тарту болса, Созақ бұл салада соңғы орындардан көш басына дейін көтерілді. Мәселен, 1991 жылы ауданда тартылған инвестиция көлемі 41 миллион теңге болса, биылғы жылы 23 миллиард 642 миллион теңге болды. Ал жергілікті бюджет биыл 8 миллиард 512,8 миллион теңгені құрамақ. 1991 жылы аудан қазынасы 90 миллион теңгеден аспаған еді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру де 25 жыл бойына үздіксіз өсе отырып, 1995 жылғы 708,1 миллион теңгеден 200,4 миллиард теңгеге жетіп, 283 есеге өсіпті. 

Ауданда туризм саласы да ерекше қолға алынуда. Өңірде мәңгілік мекен тапқан әулие-әмбиелер көп. Еліміз егемендік алғалы бері Ысқақ баб, Баба Түкті Шашты Әзіз, Қарабура, Ақбикеш кесенелері жаңартылған. Мысалы, мемлекет тарапынан Ысқақ баб кесенесіне 50 миллион теңге бөлініп, толығымен реконструкция жасалыпты. Созаққа келген туристер үшін Түркістанға өтіп кету де ыңғайлы. Тауды жарып өтетін екі арадағы 115 шақырымдық төте жол толығымен асфальттанған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627