Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 3794 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 10:29

БАЙБЕКТІҢ БИЛЕТ САТЫП АЛУҒА АҚШАСЫ ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Универсиадаға билет сатып алу үшін көмекшісінен 400 теңгені қарызға сұрады. Бұл туралы informburo.kz басылымы хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай ұйымдастырылған шараға қатысты. Алайда кассада оған билет сатып алу үшін 400 теңге жетпей қалды. Екі билеттің құны 2400 теңге болатын. Жетпей қалған 400 теңгені оған көмекшісі берді.

Әкім осылайша 2017 жылдың 7 ақпанына жоспарланған жарысқа әйелі екеуіне билет сатып алды. “Алматы қаласында әлемдік 28-ші қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Ағымдағы жылдың да Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сүйікті қаламыздың мың жылдығы сынды шараларымен танымал екенін білесіздер”, – дейді Байбек.

Ол шараға 2 000-нан астам спортшының қатысатындығын атап өтті. Шенеунік Алматы халқын қоғамдық шараларға қатысуға шақырды. “Универсиадаға дейін 100 күн қалды” жобасы Алматы қаласында 21 қазан күні өтті. Ол екі күнге созылады. Екінші күн Медеуде өтетін болады.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659