Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 10:21

Бес сотталушының Күлекбаев жасаған терактіге қатысы жоқ

Алматыда шілдедегі теракт ісі бойынша басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Процесс тергеу изоляторының ғимаратында ашық тәртіпте өтеді. Руслан Күлекбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың сегіз қызметкерінің, сонымен қатар екі бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған террористік акт жасады деп айыпталып жатыр. Сондай-ақ, оған үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар, Күлекбаевпен қатар оның бес сыбайласы сотталып жатыр. Осы сотталушылардың адвокатының айтуынша, қалған бес сотталушының Алматыдағы терактіге еш қатысы жоқ.

"Менің қорғауымда отырған Құсайынов Ербола Әліпбайұлының Күлекбаев Руслан жасаған терактіге еш қатысы жоқ. Оның қылмыстық жоспары және адамдарды өлтіру туралы ештеңе білмеген. Күлекбаев Руслан бәрін өзі жалғыз жасады. Басқа сотталушылардың терактіге ешқандай да қатысы жоқ", - деді адвокат Шәмен Жайылқанов.

Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы адам Ербол Құсайынов 2015 жылдың қарашасында болған тонау оқиғасына қатысы бар деп айыпталып жатыр, тергеудің нұсқасы бойынша, бұл тонау Руслан Күлекбаевпен бірге жасалған. 

"Біз олардан бас тарта алмаймыз, барлығын қорғаймыз. Егер алдымызда қылмыскер, кісі өлтіруші, нашақор, жәбірленуші отырады, біз олардың бәрін қорғауымыщ мүмкін. Бізді, барлық адвокатты мемлекет тағайындайды және қорғаудан заң жүзінде де, моральдық жағынан да бас тарта алмаймыз", - деді адвокат. 

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты. Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659