Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4346 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 08:40

АЛТЫН ҒАСЫР АРТА ҚАЛДЫ МА, АЛДЫДА МА?

Кеше Шымкентте мықты талқылар болды.

Соның бірі қазақ ұлтшылдығының жаңа сапасы мен мазмұны хақында өрбіді.

Екі нəрсені айқын аңғарған сияқтымын.

1.

Қазақ əлі де өз уақыты мен кеңістігін аңғарып, анықтап болмаған. Жерұйығы мен алтын ғасырының қайда екеніне келісе алмай келеді. Артта қалды ма, əлде болашақта ма? Қазақ мемлекетінің болашағы туралы ортақ мəміле де жоқ.

2.

Қазақ ұлтшылдығында əлі де этностық өлшем көп. Мысалы, қазақтың біразы қазақтан өзгені қазақ деп тануға əзір емес. Бұл өрескел қателік. Рулық сана да теріс əсерін тигізіп жатырған сияқты. Кеше бір жігіттерден: "Егер өзге этнос өкілі мен қазақпын, тілін білем, тарихын білем, осы жер үшін, осы мемлекет үшін өлуге əзірмін" десе де қазақ болмай ма?" деп сұрасам, "иә" деп жатыр, мəселен. Бұл да дұрыс емес. Қазақ ұлттық санасы өзгеріп, шынайы мемлекетшілдік, ұлтшылдық дəрежесіне көтерілу керек. Қазақ боп туса да, орыстан, не қытайдан бетер, жаудан да жаман қазағымыз жоқ емес. Сол орыстан мынаны да үйрену керек: ең мықты деген саясаткері, ақыны, жазушысы орыс болмаған. Арасында өз ағайынымыз да бар, жарты элитасы түркі текті болған. Бірақ бəрін бауырына басып, өз мүддесіне орыстан бетер қызмет еткізіп, тұғырына көтерген. 

Ең күлгенім: бір жігіттің "қазақтар сепаратист болуы керек" деген сөзі. Яғни əлі де отарлы сана. Ағатай-ау қазақ өз елінде отырып, кімге қарсы сепаратист болуы керек десем ұқпайды. Оның ойындағы сепаратизм - нағыз ұлтшылдық екен! Бірақ ол диаспораның, ұлттық азшылықтың санасы мен тірлігіне қатысты дүние екенін ақыры мойындамай кетті.

Қысқасы басымызда ботқа, санамыз атала. Терминдерден бастау керек екен. Соған келіссек, басқасына келісерміз деп түйдім. Кейде айтып жүргеніміз бір дүние, бірақ терминдеріміз еш жараспай да жатады екен. 

Ойланатын мəселе көп шынымен.

Айдос Сарым

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671